№27 «Мәртөбе»жоббм тарихы туралы.

Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет–бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан №27 «Мәртөбе» жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан. Мектептің алғашқы 1938 жылы жеті жылдық мектеп колхоздың атымен  «Еңбекші» («Трудовик»)  деп аталды.  1951 жылдан  бастап  «В.В.Маяковский» атындағы сегіз жылдық мектеп болды.

1971-1983 жылдары мектеп директоры Кочнева Мария Георгиевна,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін Лапшина Валентина Александровна атқарды. Сол жылдары мектепке №8 атауы  берілді.

Жергілікті жердің халық санының артуына байланысты 1978-1979 жылы №8 «Маяковский» атындағы он жылдық мектепке айналды.

Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Білім беру саласында да солай. Мемлекет басшысы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөліп, айрықша мән берді. Соның нәтижесінде қазақ мектептері, қазақ балабақшалары көп ашылды. 1998 жылдан бастап №8 «В.В Маяковский» орта мектебі, №8 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі қазақ-орыс тілінде сабақ беретін орта мектеп болып өзгертілді. Сонымен қатар 2014 жылыдың 01 ақпанынан бастап №27 мектеп атауы берілді.